Ақмола облысында 2 мыңнан аса операция жасаған зейнеткер хирургке әлі сұраныс бар
Ақмола облысында мемлекеттік қолдаудың арқасында өткен жылы медицина саласындағы кадр тапшылығы 20%-ға қысқарды. Енді 190 дәрігер жетіспейді. Сондықтан аудан-ауылдарда зейнетке шыққан мамандар қызметтерін әлі де жалғастырып келеді.
Марат Мұхамеджанов - 40 жылдан аса еңбек өтілі бар білікті дәрігер. Ол Есіл
қаласындағы аудандық аурухана бойынша ота жасайтын жалғыз хирург. Зейнетке
шыққанымен, әлі де еңбек етіп, адам өмірін құтқаруға бар күш-жігерін салып жүр.
Марат Мұхамеджанов, хирург:
Операция жылдағыдан кішкене азайды. Ертеде операция көп болған, 50 операция болатын шығар қазір. Жоспарлы және шұғыл жағдайларда ауруханада бір ғана хирург жұмыс істейді. Ол – операция жасайтын жалғыз маман.
Хирургия
– тек білім мен тәжірибені ғана емес, батылдық пен табандылықты, сабыр мен
үлкен жауапкершілікті талап ететін сала. Бұл қасиеттердің барлығы Марат
Мұхамеджановтың бойынан табылады, дейді әріптесі әрі шәкірті Ержан
Әбдірахманов.
Ержан
Әбдірахманов, емхана дәрігері:
Осы уақытқа дейін көп нәрсені үйреніп келе жатырмын. Әлі де үйренудемін, тәжірибесі өте мықты. Қандай жағдай болмасын өз-өзін мықты ұстайтын кісі. Осында болса, ештеңеден қорқудың қажеті жоқ.
Марат
Қажетұлының шипалы қолынан ем алып, ауруынан сауыққан жандар аз емес. Аудан жұртшылығының
сүйікті дәрігеріне айналған хирург 40 жылғы тәжірибесінде 2 мыңнан аса ота
жасаған.
Амангелді Жүнісхан, емделуші:
Асқазан ауруымен жансақтау бөліміне түстім. Марат Қажетовичтің арқасында осындай дәрежеге жетіп, сауығып шықтым. Ол кісі белгілі дәрігер, білікті маман. Өмірінің 40 жылдан көбін осында адамдардың өмірін сақтап қалуға арнаған. Білікті дәрігер деп есептеймін.
Бүгінде
ауылды елді мекендерде 125 дәрігер тапшы болса, қалалық жерде 65 ақ халатты
жетіспейді. Сондықтан маман тапшылығын жою мақсатында мемлекеттен қаржылай
қолдау қарастырылған. Мәселен, жыл басынан облыс бойынша қажеттілігі жоғары 7
дәрігерге 8,5 млн теңге төленген. Қолдаудың арқасында соңғы жылдары денсаулық
сақтау саласына 256 жас маман тартылды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шардаралықтар көшелер мен арықтарды тазартты
12.06.2026, 17:38
Ақтөбеде «Jasyl cross – 2026» шарасы өтті
12.06.2026, 17:37
Алматыда инклюзиялық IT шешімдер байқауы басталды
12.06.2026, 17:35
Жоғары білімнің жаһандық мүмкіндіктері талқыланды
12.06.2026, 17:33
ЕҰУ-де Алтын Орда өркениеті кафедрасы ашылады
12.06.2026, 17:30
Сенат төрағасы университет түлектеріне диплом табыстады
12.06.2026, 17:27
Шымкентте ерекше балаларды оңалту оң нәтиже бере бастады
12.06.2026, 17:25
Ақмола облысының 5 ауданына 5 мың қаз таратылды
12.06.2026, 17:20