Алматыда инклюзиялық IT шешімдер байқауы басталды
Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған Хакатон сайысы басталды. Байқауға оқушылар, студенттер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысып, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың күнделікті тұрмысын жеңілдететін технологиялық жобаларын ұсынып жатыр. Байқаудың басты талабы - ұсынылған идеялар алдымен мүмкіндігі шектеулі жандарға, кейін көпшілікке де қолжетімді болуы тиіс. Қатысушылар цифрлық өнімдер мен мобильді қосымшалардың тұжырымдамасын әзірлеп, кейбірі дайын прототиптерін таныстырды. Олардың қатарында көру және есту қабілеті төмен адамдарға арналған сервистер мен қолжетімді ортаны дамытуға арналған цифрлық шешімдер бар.
Жандәулет Саматұлы, қатысушы:
Жобамыздың ең басты ерекшелігі - біздің пациентіміз немесе клиентіміз сенсорлы экранға қарашығымен өзінің қалаған сөзін таңдайды. Және сол сөзге екі секунд бойы қарайтын болса, біздің система сол сөзді таңдалған ретінде қабылдайды. Келесі сөзге қарау арқылы біздің жасанды интеллектіміз пациенттің не айтқысы келгенін өзі қарастырады да, нұсқаларын жібереді. Экранда бірнеше бөлім болады, сал ауруына шалдыққан адамға ең керекті сөздерді, мысалы, көмек, су, тамақ деген сөздерді шығарамыз және оларды бөлек-бөлек шағын аймақтарға бөліп береміз.
Омар Нұрбек, қатысушы:
Біздің құрылғымыз аналогтан айырмашылығы - белгілі бір мекемеге байланбай, өзінің үйінде құрылғыны сатып алып, бұлшық етке қатысты барлық жаттығуды өз үйінде жасай алады. Пациент бізде әртүрлі ойын ойнаған кезде әртүрлі іс-қимылмен орындайды. Сол іс-қимылдың барлығы бізде базаға жиналды. Дәрігермізге ол журнал ретінде түсіп отырады. Бастапқы жасаған жаттығу мен соңғы жаттығуға қарай өсу динамикасын көреді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл Хакатонға қызығушылық айтарлықтай артқан.
Өткен жылы жүзге жуық адам қатысса, биыл 500-ден астам өтініш түсіпті.
Нәтижесінде үздік 20 команда келесі кезеңге өтеді. Ал ең үздік 10 жоба қаржылық
қолдау алып, өз идеясын нақты өнімге айналдыру мүмкіндігіне ие болады.
Захира Бегалиева, «ITEACHME» ҚҚ директоры:
Барлық идея өте маңызды деп ойлаймын. Бірақ біз мына маусымда әмбебеп дизайнына мән беріп жатырмыз. Мүгедектігі бар адамға ғана қолжетімді болмай, бүкіл бір сервиске кіріп, соны ыңғайласа деп, өзіміз мақсат қойып жатырмыз. Мүгедектігі бар адамдарға көмектесу керек, екіншіден, ол қолжетімді болуы керек. Қазақстанда өз идеяларын қалыптастыра ала ма, жоқ па - қарау керек. Басқа идеяларға ұқсамағаны жөн.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шардаралықтар көшелер мен арықтарды тазартты
12.06.2026, 17:38
Ақтөбеде «Jasyl cross – 2026» шарасы өтті
12.06.2026, 17:37
Жоғары білімнің жаһандық мүмкіндіктері талқыланды
12.06.2026, 17:33
ЕҰУ-де Алтын Орда өркениеті кафедрасы ашылады
12.06.2026, 17:30
Сенат төрағасы университет түлектеріне диплом табыстады
12.06.2026, 17:27
Шымкентте ерекше балаларды оңалту оң нәтиже бере бастады
12.06.2026, 17:25
Ақмола облысында 2 мыңнан аса операция жасаған зейнеткер хирургке әлі сұраныс бар
12.06.2026, 17:22
Ақмола облысының 5 ауданына 5 мың қаз таратылды
12.06.2026, 17:20