Трамп Иранға бейсенбіде соққы беру райынан қайтқан
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға бейсенбінің кешінде соққы беру райынан қайтты. Ақ үй басшысы мұны Тегеранмен арадағы келіссөздерде ілгерілеу бар екенімен түсіндірді. Бұған қоса Трамп апта соңында бейбіт келісімге қол қойылуы мүмкін екенін меңзеп, оның уақыты мен орны таяуда мәлім болады деді. Ал бірнеше сағаттан кейін Иран тарабы Тегеран мәмілеге қатысты ақырғы шешімге келген жоқ деп мәлімдеді. Мұны елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселені сәйкес органдар қарастырып жатыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06