Басты Жаңалықтар Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ

Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ

Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ

Атысты тоқтату режиміне қарамастан, Израиль Ливанға соққы беруін жалғастырып жатыр. Шабуылдан соңғы тәулікте 17 адам қаза тапқан. Снарядтар тұрғын үйге түскен. Наурыздан бері Израильдің шабуылдарынан Ливанда қаза тапқандар саны 3,5 мыңға жетті. 11 мыңнан астам тұрғын жараланған. ЦАХАЛ «Хезболла» тобының инфрақұрылымдарын жойып жатқанын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде қарулы топ Израиль аумағына зымыран ұшырып жатыр.

АҚШ-та инфляция деңгейі 4 пайыздан асты

АҚШ-та инфляция деңгейі соңғы 3 жылдағы ең жоғарғы мәніне жеткен. Бұл көрсеткіш жылдық есеппен 4 пайыздан асты. Американың Еңбек статистикасы бюросы осылай деп мәлімдеді. Құрама Штаттар экономикасына Таяу Шығыстағы шиеленістен туындаған энергетикалық дағдарыс қысым көрсетіп отыр. Дегенмен жетекші экономистердің пікірінше, инфляция деңгейі жыл соңына қарай төмендеуі мүмкін.  

Тәртіпсіздіктерден 12 полиция қызметкері зардап шекті

Солтүстік Ирландиядағы тәртіпсіздіктер екінші күн қатарынан тоқтамай жатыр. Наразылық акциясына судандық босқынның жергілікті тұрғынды пышақпен жарақаттауы себеп болған. Осыдан кейін бетперде таққан адамдар мигранттарға қарсы шеруге шығып, көліктерге өрт қойды. Полиция наразы топты су шашып таратпақ болған. Ал шеруге шыққандар жанғыш зат құйылған бөтелкелер лақтырып, 12 тәртіп сақшысы зардап шекті. 16 адам ұсталған. 

Швецияда қылмыстық жауапкершілікке тарту жасы өзгерген жоқ

Швеция үкіметі қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 13-ке дейін төмендету туралы ұсынысты кері қайтарды. Себебі бұл бастама парламентте қолдау тапқан жоқ. Енді 14 жасқа толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жаңа заң жобасы дайындалмақ. Билік кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің ұйымдасқан қылмысқа қатысуының артуына байланысты өзгеріс енгізбек болған еді. Дегенмен бұл жоспар сарапшылар, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың сынына ұшыраған.  

Бөлісу