Дрон басқаруды оқушылар да үйрене бастауы мүмкін
Енді оқушылар дронмен жұмыс істеуді мектеп қабырғасынан үйренуі мүмкін. Жасанды интеллектке негізделген ақылды технологияның мүмкіндіктерімен министрлер танысты.
Премьер-Министр орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Жаслан Мәдиев пен Оқу-ағарту министрі
Жұлдыз Сүлейменова Астанадағы №101
мектепте дрондардың биін тамашалады. Егер жоба білім беру бағдарламасына енгізілсе, оқушылар дрондарды билетіп ғана
қоймай, ауыл шаруашылық сынды түрлі салада жұмыс істеуді меңгереді.
Нұрсұлтан Өрісбай, білім беру саласындағы ЖИ сарапшысы:
Біздің дрондар, астында камерасы орнатылған әр кьюар кодтардың қасында номерациясы бар. Бұл жақта къюар кодтар белгіленген. Әр къюар кодтың өз мақсаты бар. Әрқайсының өз мақсаты бар. Біреулер көрсетеді шеңберді. Біреулер көрсетеді. Мынау қанша ұзындық. Әр дрон өз осы кьар код ішінде ғана ұшып жүреді.
Әсет Ақшабаев, «Digital
solution group» компаниясының
директоры:
Бізде екі жоба көрсетіліп отыр. Екі жасанды интеллект кабинеті. Бұл кабинеттің ерекшелігі кіргенен бастап мұғалім сабақты онлайн форматқа түсіруді бастайды. Бір ғана кнопканы басса жасанды интеллект активность көрсеткен балаларды, мұғалімді, немесе тақтадағы маңызды ақпаратты өзі жазып, сабақтың соңына дейін сақтап, монтажын жасап қояды.
Жазып сақталған видеоны мұғалім сабаққа келмеген оқушыға тікелей жібере
алады. Сондай-ақ жасанды интеллект баланың білім үлгерімін барлығын бағамдап,
кеңесін береді. Жоба білім саласына арналған отандык «LiftED» жасанды интеллект
платформасының бағдарламасымен жасалған. Сондай-ақ №101 мектепте педагогтер мен
9–11 сынып оқушылары үшін министрдің ашық сабағы өтті. Оның барысында Жаслан
Мәдиев жасанды интеллекттің әлемдік даму үрдістері, Қазақстандағы ұлттық
жасанды интеллект экожүйесінің жаңа мүмкіндіктер туралы айтты.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02