Албанияда сан мың адам шеруге шықты
Албанияда қоқиқаздарға жанашырлық үлкен революцияға ұласып барады. Соңғы күндері Тиранада тыныштық бұзылды. Сан мың адам наразылық акциясына шықты. Ауқымды шерулер Трамптың күйеу баласы мен қызының балқандық елдің табиғатына тәнті болуынан басталған. Тақырыпты Арыстан Рысбек жалғастырады.
Албанияда АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер жоспарлаған сән-салтанатты курорт құрылысына қарсы наразылық күшейіп келеді. Мыңдаған адам ел астанасы Тирана көшелеріне шығып, үкіметтен жобаны тоқтатуды талап етті.
Құны 1,4 миллиард еуролық жоба Албания жағалауындағы арал мен Вьоса-Нарта атты арнайы табиғи аймаққа жақын салынбақ.
Бұл курорт – ауқымды инфрақұрылымдық жоба. Мұндай құрылыс табиғатқа кері әсер етіп қана қоймай, оны жойып та жіберуі де мүмкін. Бұнда көптеген маңызды жануарлар мен құстардың түрі, соның ішінде қоқиқаздар мекендейді. Сондықтан жоба салдарын кейін міндетті түрде сезілетін боламыз. Өйткені курорт салу бір ғана ғимарат тұрғызумен шектелмейді ғой.
Бұл жобаның жүзеге асуы немесе аспауы ешқашан талқыланған емес. Себебі ол – ел үшін үлкен мүмкіндік. Жалпы ішкі өнімі шамамен 27 миллиард еуроға енді жеткен мемлекет үшін 4 миллиард еуролық инвестиция үлкен олжа емес пе.
Америкалық кәсіпкер Джаред Кушнер мен оның жұбайы Иванка Трамп бірнеше жыл бұрын яхтамен саяхаттап жүріп, Албанияға аялдап, балқандық республиканың табиғатына тәнті болды. Өздері айтқандай, сол ғашықтық демалыс орнын салу идеясына ұласыпты. Бірақ албаниялықтар шетелдік инвесторлар жасақтаған жоспардың жемқорлықтан ада екеніне күмән келтіріп, Рамадан орнын босату талап ете бастады. Бұл қозғалыс кейінгі күндері «Қоқиқаз революциясы» деп аталып жүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы