Иран мен АҚШ әскері бір бірін әуеден атқылады
Иран төңірегіндегі жағдай қайта ушығып барады. Өткен тәулікте Құрама Штаттар Ислам Республикасына екінші күн соққы берді. Шабуылға ұшыраған нысандар қатарында әскери бақылау құралдары, байланыс жүйелері және әуе қорғанысы бар. Мұны АҚШ-тың орталық қолбасшылығы хабарлады. Ал президент Дональд Трамптың сөзінше, америкалық әскерилер Ормұз бұғазынан 100 миллион баррель мұнай тиелген кемелердің өтуіне көмектескен. Тегеран болса, АҚШ-тан кек алу үшін оның Кувейттегі, Бахрейндегі, Иорданиядағы әскери базаларына зымыран атты. Тағы бір айта кететін жайт, Вашингтон Иран Ормұзды толық жапты деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06