Эбола вирусын жұқтырғандар 600-ден асып кетті
Конго Демократиялық Республикасы мен Угандада эбола вирусын жұқтырғандар саны 600-ден асқан. Мұны Африканың ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы хабарлады. Қауіпті індеттен екі көршілес мемлекетте мерт болғандар 102-ге жеткен. Орталықтың хабарлауынша, аурудың таралуына онымен күрес шараларының баяу жүруі себеп болып отыр. Эбола тіркелген аудандардағы медицина мекемелерінің көбінде ахуал нашар. Ауыз су, қоқыс өртейтін құрылғылар, жеке қорғаныс және зарарсыздандыру құралдары тапшы. Медицина мамандары, жедел жәрдем көліктері де жетіспейді. Оның үстіне қатынас жолдарының нашарлығы да жағдайды қиындатып отыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06