Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
Кенияда эбола жұқтырған америкалық азаматтарға арнап
карантин орталығын салуға қарсы шеруге шыққандарға газ қаруы қолданылды.
Бірнеше адам ұсталған. Тұрғындардың қарсылығына тап болған орталық құрылысын сот уақытша
тоқтатты. Алайда наразылық акциясы толастар емес. Өткен
аптада басталған шеруден 2 адам қаза тапты. 50 орындық орталықты әскери базаға жақын маңда салу көзделген еді. Алайда тұрғындар
АҚШ-тың Конго мен Угандада эбола жұқтырған науқастарды күтуді Кенияға
жүктегеніне ызалы. Соңғы мәліметтерге сай, Конго мен оған көршілес Угандада
қауіпті індетті жұқтырғандар саны 563-ке жетіп, 90 адам қаза тапты.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06