Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Бүгін Қытай төрағасының Солтүстік Кореяға екікүндік сапары басталды. Пхеньянға жеті жылда алғаш рет барған Си Цзиньпин Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен келіссөз жүргізеді. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл сапардың түпкі мақсаты – кейінгі кездері Ресеймен қатынастарын күшейте түскен социалистік елге Бейжіңнің ықпалын қайтару болса керек.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен Израильдің атысты дереу тоқтатуға ұмтылып отырғанын мәлімдеді. Айта кетсек, бұған дейін екі мемлекет бір-біріне сәуірден бері алғаш рет зымыранмен соққы берді. Соның салдарынан әлем нарығында мұнай бағасы бірден 5 пайызға өсіп, 97 доллардан асып отыр.

Филиппиннің Минданао аралында қуаты 7,8 балдық зілзаладан қаза тапқандар саны 32-ге жетті. Тағы 200-ден астамы жараланған. Алапат жер дүмпуінен Индонезияда, Малайзияда, Жапонияда цунами қаупі жарияланды.

Жапонияның Уцуномия қаласында 94 мектеп уақытша жабылды. Өйткені бұл елді мекенге алғаш рет аю кіргені мәлім болып отыр. «Эн-эйч-кей» телекомпаниясының хабарлауынша, биыл сәуір айынан бері Жапонияның 47 префектурасының тоғызында аюлар 4 адамды өлтіріп, 21 тұрғынды жаралаған екен.


Бөлісу