Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
Арменияда кеше өткен парламенттік сайлауда премьер-министр Никол Пашинянның батысшыл «Азаматтық келісім» партиясы 50 пайызға жуық дауыс жинап, жеңіске жетті. Мұны осы елдің орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Кейбір бақылаушылардың пікірінше, бұл жеңіс Пашинянға Әзербайжанмен бейбіт келіссөздерді аяқтауға және Бакудің басты одақтасы Түркиямен қатынастарды жақсартуға мандат береді. Ал Пашинянның басты бәсекелесі – ресей-армян кәсіпкері Самвел Карапетянның «Күшті Армения» партиясын қолдағандар 23 пайыздан сәл асқан. Соңғы мәліметке қарағанда, халық саны 3 миллион болатын Арменияда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 59 пайызы сайлауға қатысты.
Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:
Арменияның болашағы тәуелсіздікті, мемлекеттілікті, демократияны, заң үстемдігін нығайту стратегиясымен байланысты. Әрине, біз Еуропалық серіктестеріміздің қолдауымен демократиялық реформалар жолын жалғастырамыз.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06