Филиппиндегі зілзаладан қаза тапқандар саны 32-ге жетті
Филиппиннің Минданао аралында қуаты 7,8 балдық зілзаладан қаза тапқандар саны 32-ге жетті. Тағы 200-ден астамы жараланған. Қазір жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Мұны осы елдің апаттармен күрес қызметі хабарлады. Филиппиндегі жер тербелісінен кейін Индонезияда, Малайзияда, Жапонияда цунами қаупі жарияланды. Күншығыс елінің 10 префектурасында 180 мыңдай адамға эвакуациялануға бұйрық берілген еді. Алайда бірер сағат бұрын Жапония метеорологиялық агенттігі қауіп туралы ескертудің күші жойылғанын хабарлады.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06