Конгода эбола жұқтырғандар көбейіп барады
Конгода эпид-ахуал ушықты. Эболаны жұқтырғандар саны 515 адамға жетті. Reuters дерегінше соңғы бір тәулікте тағы 27 адамның вирус жұқтырғаны расталды. Қайтыс болғандар саны 91 адамға жеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі таңда эпидемиологтар қауіпті байланыстардың небәрі 45 пайызын ғана анықтап отырғанын айтып отыр. Ал індеттің таралуын тоқтату үшін бұл көрсеткіш шамамен 90 пайыз болуы қажет. Қазақстан тарапы Эбола вирусына байланысты шекараны жаппайтынын мәлімдеді. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының хабарлауынша, қазіргі жағдайда ел халқы үшін қауіп деңгейі төмен деп бағаланған. Дегенмен жағдай тұрақты бақылауда.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06