Басты Жаңалықтар Алматыда үздік экологтарды марапаттады

Алматыда үздік экологтарды марапаттады

Алматыда да экологтардың кәсіби мерекесіне орай ардагерлер мен үздік қызметкерлер марапатталды.

Осылайша қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосып жүрген сала мамандарына құрмет көрсетілді. Жиында сөз алғандар бұл күннің табиғатты қорғаудың маңызын насихаттап, өткір әрі өзекті экологиялық мәселелерге қоғам назарын аударуға бағытталғанын атап өтті. Экологтардың пікірінше, елімізде орман алқаптарын, өзен-көлдерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соңғы жылдары көгалдандыру, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу, су ресурстарын тиімді пайдалану және биоалуантүрлілікті қорғау мәселелеріне айрықша көңіл бөлініп жатыр. Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы да экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тың серпін берді.

Қонысбек Байеділов, ардагер эколог:
Бұрын жетіспеушіліктер болған, қазір ЖОО-да, колледж мамандары бар, жоқ деуге болмайды, мамандар жеткілікті. Жастар өсіп келе жатыр. Жас экологтар өз көзқарастарын көрсетіп, экологияны жақсартуда белсенді қызмет атқаруда.


Бөлісу