Щучинск қаласы көшелерін су басып кетті
Ақмола облысының Щучинск қаласында бұршақ аралас нөсер жауын салдарынан көшелерді су басқан. Тіпті көпқабатты үйлердің шатыры бүлініп, су үйлерге дейін кірген. Арық жүйесіндегі кемшілік салдарынан жаяу-жалпыға арналған жолдар көлге айналды. Бұл бейнекадрлар әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Көл-көсір жауған жаңбыр әп-сәтте көшелердің астан-кестеңін шығарған. Нөсер жауын әсіресе, 9 қабатты үйдің тұрғындарын әбігерге салды. Жоғары қабаттан өтетін құбыр сынып, су сыртқа емес, подъезд ішіне құйылған. Щучинск әкімдігі көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырын жөндеу пәтер иелерінің ортақ мүлкіне жататынын айтты.
Ержан Халбаев, Бурабай ауданы әкімінің
орынбасары:
Нөсер жауын салдарынан бірқатар үйлердің аулалары мен жертөлелерін және жолдарды су басты. Бізге Ломоносов, Абылайхан және Әуезов көшелері тұрғындарынан өтініштер кеп түсті. Арыз-шағымдардың барлығы бақылауға алынды. Кейбір жолдарды су басу жөндеу жұмыстарының аяқталмауымен байланысты болды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21