Рәміздер күніне орай салтанатты шеру ұйымдастырылды
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанада «Менің елім, менің Туым» атты дәстүрлі патриоттық акция басталды. Қаладағы көпқабатты үйлерге көк байрақ ілініп, қала көшелеріне ерекше мерекелік сән берді. Сонымен қатар дәл қазір Есіл өзенінің жағалауында салтанатты шеру өтіп жатыр. Іс-шарадан әріптесім Шерхан Жамбылұлы тікелей байланысқа шығады.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Иә, бүгін еліміз үшін ең басты мерекенің бірі. Себебі елдік пен егемендікті айшықтайтын басты белгілер осы мемлекеттік рәміздер. Осыған орай Есіл өзенінің жағасында Ұлттық ұланның сарбаздары ерекше іс-шара ұйымдастырып отыр. Олар көк туымызды көтеріп, салтанатты шеппен жағалау бойымен жүріп өтті. Сонымен қатар шеру кезінде әнұранымыз да шырқалды. Қала тұрғындары мен қонақтары қызықтап, қосыла ән шырқап, ерекше әсерге бөленіп жатыр.
Шыңғысхан Жасұлан, оркестр дирижері:
Жалпы Астанада бұл күндері мемлекеттік рәміздер күніне орай көптеген іс-шара жоспарланған. Мәселен экспо аумағында және Шәмші Қалдаяқов көшесінде архивтік құжаттардың көшпелі көрмесі, Нұржол бульварында әдеби музыкалық кеш ұйымдастырылған. Иә, төл нышандарымызды құрметтеу әрі қастерлеу ел азаматтары үшін міндетті борыш! Көк туымыз желбіреп, әнұранымыз шырқала берсін!
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17
Елімізде қылмыс 58%-ға азайған
23.10.2026, 17:15
Жанармайды шекарадан заңсыз өткізбек болған 430 адам анықталды
23.10.2026, 17:14
Түркістанда жаңа үйлерді пайдалануға берді
23.10.2026, 17:12