Басты Жаңалықтар Түркістанда жаңа үйлерді пайдалануға берді

Түркістанда жаңа үйлерді пайдалануға берді

Түркістан қаласында Республика күні қарсаңында және бүгінгі  қала күнінде 7 қабатты 14 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жаңа тұрғын үй кешені 3,5 гектар аумақта орналасқан. Пәтерлердің 194-і жалдамалы баспана болса, 394 пәтер жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы берілді. Игі бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асты. Жалпы биыл облыс бойынша 2 434 пәтер ел игілігіне берілді.

Фатима Саттарқызы, Түркістан тұрғыны:

Президентке көп-көп рахмет! Халыққа баспана беріп жатыр. Қайырлы баспана болсын, барлығыңызға жұғысты болсын! Республика күніміз, қала күніміз құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жылдан жылға республика күніне жете берейік!

Бөлісу