Ливан мен Израиль атысты тоқтатуға келісті
Израиль мен Ливан атысты тоқтату режимін жүзеге асыруға келісті. Сарапшылар бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы кең ауқымды соғысын тоқтатуға жол ашуы мүмкін деп бағалап отыр. Ақ үй әкімшілігі төртінші мәрте Вашингтонда өткен жоғары деңгейдегі үшжақты кездесуден соң тараптар атысты тоқтатуға келісті деп мәлімдеді. Бұған қоса олар Ливанның қарулы күштерінің бақылауында болатын аймақтарды құруға келіскен. Бұл үшін алдымен Иранның қолдауына сүйенген «Хезболла» тобы шабуылды толық тоқтатуға, көрсетілген жерден өз жасақтарын шығаруға тиіс. Ливан мен Израиль өткен айда уақытша бітімге келгенімен, атыс тоқтамаған еді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06