Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу

Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу

АҚШ пен Иран әскерлері бір-біріне шабуыл жасады

АҚШ әскері Иранның Кешим аралындағы жерасты әскери бақылау станциясына соққы берді. Сонымен қатар Пентагон Тегеранның Кувейт пен Бахрейнге және кемелерге бағыттаған зымырандары мен дрондарын құлатқан. Ал бұған дейін Тегеран Американың әуе базалары мен тікұшақтарына шабуыл жасағанын жариялады. Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісіп, бүгін Азия биржаларында мұнай бағасы 2 пайызға қымбаттаған.

Қонақүйдегі өрттен 21 адам қаза тапты

Үндістан астанасы Нью-Делиде қонақүйде өрт шығып, 21 адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам зардап шеккен. От ғимараттың бірінші қабатындағы мейрамханада тұтанған болуы мүмкін. Тілсіз жауға не себеп болғаны белгісіз. Апат болған қонақүйге әдетте студенттер мен жас мамандар жиі тоқтайтыны белгілі болды. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди, қаза тапқандардың тума-туыстарына көңіл айтып, оларға 200 мың рупийден төленетінін мәлімдеді.

Ереуілден ұшақ қатынасы тоқтады

Бельгияда әуе диспетчерлерінің алдын ала ескертілмеген ереуілінен ұшақ қатынасы тоқтап қалды. Брюссель әуежайында жүздеген ұшақ рейсі кейінге қалдырылған. Наразылық акциясын кәсіподақтар ұйымдастырды. Олар 2027 жылдан бастап әуе қозғалысын жаңа сандық бақылау орталығының құрылуына қарсы. Бұл өзгеріс жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін. Ал ұшақ рейстері алдағы бірнеше сағатта қайта жандануы ықтимал.

Тропикалық дауылдан 60 мың үй жарықсыз қалды

Бүгін таңертең «Чанми» тропикалық дауылы Жапония астанасы Токиоға соққы берді. Жауындатып жеткен тайфуннан мегаполис орталығындағы Мегура өзені арнасынан тасыды. Ал Токионың Ханеда және Нарита әуежайларында 700-дей ішкі және халықаралық рейс доғарылған. Елдің сегіз префектурасындағы жүздеген мың тұрғынға эвакуациялануға кеңес берілді. Ал жарықсыз қалған үйлер саны 60 мыңға, жараланған адам саны 16-ға жеткен.


Бөлісу