Үндістан астанасында қонақ үй өртенді
Үндістан астанасы Нью-Делиде қонақүйде өрт шығып, 21 адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам зардап шеккен. От ғимараттың бірінші қабатындағы мейрамханада тұтанған болуы мүмкін. Тілсіз жаудың неден басталғаны белгісіз. Жалын 8 өрт сөндіру машинасының көмегімен сөндірілген. Апат болған қонақүйге әдетте студенттер мен жас мамандар жиі тоқтайтыны белгілі болды. Ал жергілікті басылымдардың хабарлауынша, қаза тапқандардың ішінде шетелдік азаматтар болуы мүмкін. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди марқұмдардың тума-туыстарына көңіл айтып, оларға 200 мың рупийден төленетінін мәлімдеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06