Басты Жаңалықтар Түрколог ғалымдар Ыстанбұлда бас қосты

Түрколог ғалымдар Ыстанбұлда бас қосты

Осыдан 100 жыл бұрын Бакуде өткен бірінші Түркология құрылтайында көтерілген мәселелер әлі де өзекті. Ыстанбұл қаласында басқосқан түркітілдес ғалымдар түркітану ғылымын дамыту, ортақ ғылыми терминология мен ортақ әліпби қалыптастыру сияқты мәселелерді жүзеге асыру жолдарын талқылады. Мәселен, 1926 жылы Баку қаласында 131 делегат түркі халықтарына ортақ латын әліпбиін жасау туралы шешім қабылдаған еді. Алайда бұл тарихи қадам Түркі академиясының үйлестіруімен тек 2024 жылы жүзеге асты. Түркология салысында осы сияқты шешімін таппай отырған мәселелер әлі де көп. Басқосуда ғалымдар осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға да баға берді. Жиын аясында сондай-ақ тарихи құжаттар мен фотосуреттер көрмесі өтті.

Шаһин Мустафаев, Түркі академиясының президенті:

1926 жылы Бакуде өткен түркология құрылтайы сол замандағы ең маңызды оқиғалардың бірі еді. Сол жиында тұңғыш рет барлық түркі әлемінің зиялы қауымы мен ғалымдары басқосып, ортақ мәселелерді талқылады. Сол кезде ортақ шешім қабылданып, алайда жүзеге аспай қалған 50-ден аса ғылыми жобаны біздің Академия қолға алып, жүзеге асыра бастадық. Солардың бірі әрі бірегейі – түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиі.


Бөлісу