Өнеркәсіптік кооперация аясында отандық өндіріс көлемі артып келеді
Ресеймен өнеркәсіптік кооперация аясында Көкшетаудағы КАИК зауыты екі бірдей жобаны жүзеге асырып келеді. Оның бірі - қазақстандық шаруалар арасында жоғары сұранысқа ие СМ-2400 тракторы. Екінші жоба аясында «Акрас-595» комбайны құрастырылады. Сонымен бірге оған қажетті тіркеме және қондырма жабдықтарды шығарып отыр. Бүгінде зауыт жылына 7,5 мың дана техника өндіреді. 400-ге тарта жұмысшы еңбек етеді.
Біз Ресейдің бірнеше компаниясымен әріптестік стратегиялық қарым-қатынас құрып отырмыз. Соның арқасында жергілікті аграршыларға қажет ауыл шаруашылығы техникасын шығарумен және құрастырумен айналысып келеміз. Отандық өндіріс көлемін жыл санап артырып отырмыз. Мәселен, тіркеме және қондырма жабдықтарды толығымен өзіміз шығарамыз.
Мейрамбек
Жанабай, жұмысшы:
Біздің жұмыс барысымыз дәнекерлеушілерге детальдарды дайындап береміз. Дайын болған детальдарды тазалап өткіземіз. Жалақысы уақытылы, премия бар, өте жақсы. Осы зауытта жұмыс істеген ұнайды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10