Әлем жаңалықтарына шолу
Израиль мен «Хезболла» АҚШ-тың атысты ішінара тоқтату туралы ұсынысын қабылдады. Мұны президент Дональд Трамп екі жақтың жетекшілерімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін хабарлады. Айта кетсек, бұған дейін Иран Израильдің Ливанға шабуылдары Вашингтон мен Тегеран жасаған бітімге қауіп төндіріп тұрғанын ескерткен еді.
Кенияның Наньюки қаласында жүздеген адам шеруге шығып, АҚШ-тың Эболаға қатысты карантин орталығын ашу жоспарына наразылық білдірді. Салынатын нысан вирус жұқтыруы мүмкін америкалық азаматтарды емдеуге арналмақ. Дегенмен, жергілікті тұрғындардың ойынша, бұл мекеме алдағы уақытта халықтың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Жапонияда «Чанми» тайфунынан 9 адам зардап шегіп, бірнеше
ғимаратқа зақым келген. Сонымен қатар, әуежайларда 300-ден аса рейс доғарылған.
Болжамдарға қарағанда, ертең алапат дауыл ел астанасы Токиоға де жетуі ықтимал.
Лондонда пойыздар қатынасы қиындан, қарбалас шақта жолаушылар діттеген жеріне жете алмай жатыр. Сондықтан кейбір тұрғындар метродан бас тартып, автобустарға отырып, немесе такси жалдауға мәжбүр. Британ астанасында мұндай жағдайдың қалыптасуына жұмыс кестесінің өзгеруімен келіспеген машинистердің 24-сағаттық ереуілінің басталуы себепші.
Канаданың Торонто қаласында Әлем чемпионатына екі аптадай уақыт қалғанда 2,5 миллион доллардың жалған футбол формалары мен екі кубок тәркіленді. Спорттық киімдер ФИФА-ның және Nike, Adidas, Puma тәрізді брендтердің символикаларымен безендірілген. Сонымен қатар, рейд барысында екі адам тұтқындалып, оларға айып тағылып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы