«Таза Қазақстан»: 1,5 мың экологиялық іс-шара өтті
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінде «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Жалпы «Таза Қазақстан» құндылықтары ең жоғары конституциялық мәртебеге ие болды. Президент бастамашылық еткен жалпыұлттық жоба бұқаралық қоғамдық қозғалысқа айналды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің telegramm арнасында жазды. «Екі жыл ішінде «Таза Қазақстан» жобасы аясында шамамен 6,5 миллион адамның қатысуымен 1,5 мың экологиялық іс-шара өткізілді. Соның ішінде ең алдымен жастардың белсенділігін ерекше атап өту қажет. Белсенді азаматтардың ұйытқы болуымен 2 миллион тонна қоқыс жиналып, шамамен 5,5 миллион ағаш отырғызылды», - делінген хабарламада.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21