Бойжеткен велосипедпен 42 күнде 4000 шақырым жүрген
Саяхатшы Бүрлен Әділетқызы 4 мың шақырым жолды артқа тастап, Талдықорғанға жетті. Маңғыстау облысынан басталған сапары Елорда күні қарсаңында Астанада аяқталмақ. Осылайша ол жалпы 9800 шақырымды бағындыруды көздеп отыр. Қазірдің өзінде 42 күн ішінде жолының тең жартысын жүріп өтті. Саяхатшы сапары аясында Жетісу жастарымен жүздесіп, велоэкспедициясы жайында ой бөлісіп, жас велошабандоздарға тәжірибесін айтты. Ендігі бағыты – еліміздің шығыс және солтүстік өңірлері. Саяхатшының сөзінше, қарсы соққан жел сапарды біршама қиындатқан. Ал жол бойындағы тұрғындар көмек беріп, қолдау көрсеткен. Бүрлен бұл сапарында тарихи орындарды аралап, саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25
Атырауда 30 отбасы баспаналы болды
20.11.2026, 20:21
Коммуналдық салаға инвестиция көлемі артады
20.11.2026, 20:15
Зиянды қалдық 13 есе азаяды: Екінші жэо желтоқсанда іске қосылады
20.11.2026, 20:15
Түркістанда энергетикалық нысандардың құрылысы қарқын алды
20.11.2026, 20:13