«Халық заңгері»: Көкшетаулықтар тегін құқықтық кеңес алды
Көкшетауда «Халық заңгері» акциясы өтіп, азаматтар мамандардан кәсіби және тегін құқықтық кеңес алды. Игі акция облыстық Әділет департаментінің ұйымдастыруымен шаһардағы ірі сауда үйінде ұйымдастырылды. Азаматтардың сұрақтарына адвокаттар мен заң кеңесшілері, нотариустар, прокурорлар, полицейлер, сот орындаушылары және бірнеше мемлекеттік органдардың басшылары жауап берді. Кибералаяқтық жайлаған уақытта осындай игі шаралардың маңызы зор, дейді акцияға қатысушылар. Себебі алаяқтардың арбауына түскендер бұл жерден өзіне қажетті құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
![]()
Марат Бақытбекұлы, облыс прокурорының орынбасары:
Акцияның негізгі мақсаты - халықтың арасында ақпараттандыру, сонымен қатар тез
және білікті олардың проблемаларын шешу. Бұл біздің Президентіміздің халықты
есту және сонымен қатар «Заң мен тәртіп»
қағидатының аясында өткізіп отырған акция.
Данияр Жақсылықов, киберволонтер:
Осы уақытта
дейін 310 алаяқтық деректері тіркелді. Және оның 75-і дроптық қамауда. Мен кішкентай
үлесімді қосқаныма қуаныштымын және кибералаяқтыққа қарсымын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы