Алматыда «БалаFest» фестивалі ұйымдастырылды
Алматыда дәл қазір «БалаFest» фестивалі өтіп жатыр. Мерелік шарада қаланың кішкентай тұрғындары тақырыптық аймақтардан өтіп, ғылыми эксперименттер мен шеберлік сабақтарына қатысып, заманауи технологиялар әлемін зерттей алады. Фестивальден тілшіміз Жазира Оразқызы дәл қазір тікелей эфирге шығуға әзір. Жазира, қайырлы күн! Мереке қалай өтіп жатыр?
Жазира Оразқызы, тілші:
Бүгін Алматы балалардың, технологиялардың және болашақтың үлкен қаласына айналды. Фестивальға 5 мыңға жуық бала қатысып жатыр. Мұнда әрбір балдырған нағыз интерактивті шытырман оқиғаның қатысушысы болып отыр. Әр бала фестивальдің жеке маршруттық паспортын алады. Тапсырмалар орындап, Bala Coins жинап, digital-art, ғылым, шығармашылық, спорт, AI, робототехника, спорттық шараларға қатыса алады. Жеңімпаздарға сыйлықтар беріледі, фотозоналар ұйымдастырылған. Үлкен концерттік бағдарлама күтіп тұр, кешкі 17.00-де.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19