Израиль армиясы 900 жыл бұрын салынған стратегиялық нысанды басып алды
Жексенбі күні Израиль армиясы Ливанның оңтүстігінде 900 жыл бұрын салынған Бофорт қорғанын басып алды. Сонымен қатар осы маңдағы стратегиялық жота да ЦАХАЛ-дың бақылауына өткен. Сарапшылар мұның нәтижесінде «Хезболла» жасақтарының Израильдің солүстігіне шабуыл жасау мүмкіндігі азаяды дейді.
Айта кетсек, қазір Израильдің жаяу әскері Ливан аумағына бойлай ену операциясын кеңейтіп жатыр. Бұл басқыншылықты Германия, Ұлыбритания, Франция үкіметтері қатаң сынға алды.
Хезболлалықтар Иранды жақтап еврей мемлекетіне наурыздың 2-де ракета жаудыра бастады. Содан кейін Израиль көрші елге авиациялық соққы беріп, құрлықтық операция жүргізуге кірісті. Бұл соғыстан бүгінге дейін кемінде 3300 ливандық пен 25 израильдік сарбаз мерт болған.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06