Басты Жаңалықтар Трамп мәмілеге қатысты шешім қабылдаған жоқ

Трамп мәмілеге қатысты шешім қабылдаған жоқ

АҚШ президенті Дональд Трамп уәде бергеніне қарамастан, Иранмен арадағы келісімге қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ. Мұның алдында Ақ үй басшысы 2 сағаттай ұлттық қауіпсіздік тобымен кеңесу өткізген. Алайда ақырғы шешімін жария еткен жоқ. Ақ үйдің өкілдері мәміле Трамп белгілеген «қызыл сызықтарға» сәйкес келуі тиіс деп мәлімдеді. Мұндай талаптардың ішінде Иран ешқашан ядролық қару иеленбеуі тиіс деген пункт бар. Ал Иранның Fars агенттігінің мәлімдеуінше, өзара түсіністік туралы меморандум жобасында Тегеран байытылған уран қорын жоюы керек деген талап айтылмаған. Бұған қоса Тегеран ядролық келіссөзге емес, соғысты тоқтатуға басты назар бөлетінін мәлімдеді. Ал АҚШ қорғаныс министрлігі келіссөз сәтсіз болса, Иранға қарсы қайта шабуыл бастайтынын ескертті.

Бөлісу