Тегеран мен Вашингтон атысты тоқтату режимін ұзартуға келісті
АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы 60 күндік келісімге келді. Құжатта атысты тоқтату режимін ұзарту, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзді бастау көзделген. Әзірге құжатты президент Дональд Трамп бекіткен жоқ. Бұл ақпаратты Axios басылымы хабарлады. Оған сай, тараптар меморандумның басым бөлігі бойынша ортақ ұстанымға келген. Олардың арасында Ормұз бұғазы арқылы еркін кеме қатынасына жол ашу бар. Иран 30 күн ішінде бұғаз акваториясынан миналарды алып тастауы қажет. Дегенмен тараптар бірқатар мәселе бойынша келісімге келе алмай отыр. Тіптен Вашингтон мәміле жасалмауы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06