Президенттер Еуразиялық экономикалық форумға қатысып жатыр
Дәл қазір Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр. Одаққа мүше елдердің басшылары жиынға арнайы келген. Президенттер қандай мәлімдеме жасады? Іс-шара ортасында жүрген тілшіміз Шерхан Жамбылұлы тікелей эфирге қосылып отыр. Шерхан, форумда қандай ұсыныстар айтылды?
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Президенттер қатысуымен өтетін форумның пленарлық отырысы жаңа ғана басталды. Әуелі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз алды. Биыл еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа жетекшілік етеді. Қазақстанның төрағалығы аясында логистика әлеуетін арттыру, сауда кедергілерін жою және сыртқы серіктестермен әріптестікті күшейту сынды бағыттарға екпін беріліп отыр. Ал ең негізгі басымдық экономикалық интеграцияны күшейту үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану. Былтыр желтоқсан айында Санкт-Петерборда өткен жиында Президент экономикалық одаққа мүше елдер экономикасының барлық саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу қажеттігін айтқан. Атап айтқанда, мұндай жүйелерді сауда ағынын жоспарлауға және кедендік баж салығының ықпалын бағалауға қазірдің өзінде пайдалануға болады деген еді. Былтыр одаққа мүше мемлекеттердің жиынтық ішкі жалпы өнім көлемі 2 пайызға көбейді. Алдағы екі жылда өсім тұрақты болады деп болжанып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері ұйым елдерінің бір-біріне салған тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанға келген инвестиция жеті еседей өскен. Өнеркәсіп өнімі 29 пайыз артып, 1,5 триллион доллар болды. Кеш батқанына қарамастан форум жұмысы әлі де жалғасып жатыр.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еуразиялық логистикалық хаб құрылысы басталды
28.05.2026, 20:48
Иранда бұғатталған интернет қайта қосылып жатыр
28.05.2026, 20:46
Мұғалімді артық жүктемеден босататын заң мақұлданды
28.05.2026, 20:44
Жас отбасыларға арналған мемлекеттік бағдарламалар көбейеді
28.05.2026, 20:42
Экологиялық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды
28.05.2026, 20:41
Соңғы 5 жылда Транскаспий көлік бағытындағы жүк тасымалы 6 есе артқан
28.05.2026, 20:11
ЕАЭО ЖИ мен цифрлық технологияларды енгізуді көздейді
28.05.2026, 20:09
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің президенттері Астанаға келді
28.05.2026, 20:06