Иранда бұғатталған интернет қайта қосылып жатыр
Иранда үш ай бұрын бұғатталған интернет қайта қосылып жатыр. Жаһандық желіге көптен бері енді қосылған жергілікті тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Айта кетсек, Ислам Республикасы әлемдік желіден қол үзгелі 90 күнге жуықтады. Оған себеп – АҚШ пен Израиль ашқан соғыс. Президент Масуд Пезешкиан халықаралық интернетті қайта ашу туралы қаулыға дүйсенбі күні қол қойды. Дегенмен жаһандық коммуникацияның жағдайын бақылап отыратын NetBlocks компаниясының мәлімдеуінше, Иранда қазір интернет-байланыс әлі де шектеулі және тұрақсыз. Интернеттің бұғатталуынан Иран орасан экономикалық шығынға батып, миллиондаған доллардан айырылған.
Альп Токер, Netblocks компаниясының директоры:
Өзіміз жүргізген сараптама қорытындысына жүгінсек, шектеу нәтижесінде жалпы ішкі өнім күніне 40 миллион долларға қысқарып отырған. Бұл – өте көп шығын. Санкциядағы Иранға интернет аса қажет. Өйткені мұндай байланыс құралымен бейресми сауда мен бизнестің қосымша түрлерін дамытып, елдің күн көруіне жағдай жасауға болады.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06