Шағын ауданға жол салынады
Талдықорған іргесіндегі шағын ауданның тұрғындары енді қалаға төте жолмен қатынайды. Қазір жұрт облыс орталығына жету үшін 2 шақырымды айналып өтеді. Жол айырымының құрылысы басталды, жауаптылар биыл ел игілігіне беріледі деп отыр.
Талдықорғанға іргелес орналасқан «Береке» коттедж қалашығы мен Ынтымақ алабының тұрғындары қалаға жету үшін 4 шақырымды айналып өтуге мәжбүр. Көлік ағыны көбейгендіктен, әсіресе таңғы және кешкі уақытта ұзын-сонар кептеліс пайда болады. Сондай-ақ бұл бағытта жол апаты көбейген.
Мәселені шешу үшін жауаптылар былтыр жаңа жол айырымының сметалық-жобалық құжаттамаларын әзірлеп, биыл құрылыс жұмыстарына кіріскен. Жобаның жалпы құны – 1 миллиард 38 миллион теңге. Қазір құрылыс қарқын алды. Жол төселгенде бұл бағыт арқылы тәулігіне 6 мыңға жуық көлік еркін қатынай алады. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталмақ.
Ерлан Ниетбаев, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
Қазір бұл жерде суғару желісі бар. Басқа салаға бұру және электр желілерін ауыстыру, жолдың табанымен негізін дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Біздің қаламыздың батыс айналмасы мен шығыс айналмасы қосылады. Сол себептен қаланың айналма жолы 28 шақырымнан 32 шақырымға ұзарады.
Талдықорғанда алғашқы жолайырықпен қатар айналма жолдың да құрылысы басталды. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің жергілікті филиалы құрылыс сапасын қадағалайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы