Қазақ ұлттық университетінің Ресейдегі филиалы биыл 300 студент қабылдамақ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ресейдегі филиалы Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында бір жыл бұрын ашылды. Ресми рәсімге екі мемлекеттің президенттері қатысқан. Былтырғы оқу жылында жоғарғы оқу орнының ұстаздары 70 студентке дәріс оқыса, биыл 300 студент қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл – Ресейде алғаш ашылған қазақ университетінің филиалы. Қазіргі уақытта студент алмасу, ғылыми жобаларды бірлесе атқару шаралары сәтті жүзеге асып келеді. Университет филиалында қазақ тілі де оқытылады. Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолияның мектеп бітірушілері қазақ мемлекеттік университетінің филиалында оқуға ниет білдіріп отыр.
Торғын Әшенова, Омбыдағы ҚАЗҰУ филиалы директорының орынбасары:
Оқу орнына Ресей азаматтары, өзге де мемлекеттен студенттер құжат тапсырды. «Кеден ісі», «халықаралық құқық» және «қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасы бойынша оқытылады. Ақылы және бюджеттік негізде студенттер білім алып жатыр. Университет қабырғасында түрлі мәдени, интеллектуалды шаралар өтеді.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10