Басты Жаңалықтар Қазақстан – Ресей: Мәдени ынтымақ нығаюда

Қазақстан – Ресей: Мәдени ынтымақ нығаюда

Қазақстан мен Ресей мәдени ынтымақтастығын нығайта түсті. Сәуір айында елімізде Ресейдің мәдениет күндері өтсе, былтыр қазан айында Мәскеуде Қазақстанның мәдениет күндері де ұйымдастырылды.  Шығармашылық және іскерлік іс-шаралар тек Астана, Мәскеуде емес, өзге өңірлерде де өтті.

Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыс қарқынды дамып келеді. Фестивальдер, гастрольдік сапарлар, көрмелерден бөлек, Ресейде қазақ киносының күндерін өткізу дәстүрге айналған. Себебі отандық киноға көрші елде де сұраныс жоғары.
Светлана Баулина, Мордовия Республикасының мәдениет, ұлттық саясат және мұрағат жөніндегі министрі:
Мәдениет жақындастыра түседі. Ол ең алдымен халықтар достығына сеп болады. Біздің республикада қазақ киносының күндері өткенін мақтанышпен айтамыз. Сонымен қатар, қазақстандық театр ұжымдарын да бізде өтетін фестивальдерге шақырамыз.
Сонымен қатар Ресейде тұрақты түрде Абай оқулары өтіп, Жамбылға арналған жыр мүшайралары да ұйымдастырылады. Қазақ ақындарының шығармалары орыс, башқұрт, татар тілдеріне жүйелі түрде аударылуда. Жуырда қазақ ертегілері де татар тілінде жарық көрді.
Венера Шамсутдинова, татар кітап баспасы бас редакторының орынбасары:
Қазақстаннан шыққан авторлардың туындыларын жақсы білеміз, оқимыз. Тек жастар емес, ересектердің арасында да сұраныс жоғары болғандықтан, татар тіліне аудардық. Жалпы, Қазақстанның Татарстандағы бас консулдығымен да әріптестігіміз жоғары деңгейде, сондықтан бұл жұмыс жалғасады, бауырлас қазақ халқының татар тіліне аударылған шығармалары артады.
Тараптар кітапхана, музей ісі, сондай-ақ шығармашылық кадрларды даярлау салаларындағы серіктестікті тереңдетуде. Ресейдің бірқатар өңірінде жыл сайын дәстүрлі түрде қазақ мәдениетінің күндері өтеді.


Бөлісу