Еуропа жақта күн ысып кетті
Еуропаның бірқатар елінде ауа температурасы мамыр айы үшін ерекше көтеріліп жатыр. Францияның 20 қаласында сынап бағанасы бақылау тарихында ең жоғары деңгейге жеткен. Ал Испанияда 40 градус ыстық басталса, Британияда 1922 жылғы рекорд жаңартылды. Сонымен қатар, Германияда, Швейцарияда және Италияның солтүстігінде де температура климаттық нормадан 10-15 градусқа асып кеткен. Синоптиктердің болжамынша, аптап ыстық апта соңына дейін жалғасып, рекордтар әлі де жаңартылуы мүмкін. Ғалымдардың ойынша, бұл ауытқушылық Эль-Ниньо құбылысымен, яғни Тынық мұхиттың тропикалық бөлігінде судың жылынуымен байланысты болуы ықтимал.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06