Цифрландыру және ЖИ экономикаға тың серпін береді
Әлемдік экономикада жасанды интеллект, цифрлық технологиялар мен креативті индустриялардың рөлі артып келеді. Сарапшылар бұл бағыттарды болашақ экономиканың негізгі драйвері ретінде бағалайды.Қазақстан да бұл үдерістен шет қалмай, цифрлық трансформация мен инновациялық жобаларды дамытуға басымдық беріп отыр. Осы орайда 28-29 мамыр күндері Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ елдері іскерлік форумының маңызы айрықша. Ауқымды жиын аясында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, жаңа технологияларды енгізу және инвестициялық мүмкіндіктерді арттыру мәселелері талқыланбақ. Мамандар мұндай кездесулер өңірлік экономикалық байланысты нығайтып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға серпін береді дейді.
Мақсат Халық, экономист:
ЖИ, цифрлық экономика соңғы уақыттарда жиі айтыла бастады. Соның ішінде креативті экономика бар. Осының барлығы Қазақстан үшін осы Еуразиялық экономикалық бірлестік елдерінің ішінде әлеуеті бар сала деп айтуға болады. Мұндай форумның Қазақстанда өтіп жатқаны белгілі бір дәрежеде саяси да әрі экономикалық та маңызы бар деп айтуға негіз бар.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06
Смартфонды 2 сағаттан артық қолдану денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін
18.07.2026, 20:05