Тегеран мен Вашингтон жуық арада бейбіт келісімге келмейді
АҚШ пен Иран көптеген негізгі мәселе бойынша бір байламға келді. Бірақ мұның бәрі таяу арада міндетті түрде бейбіт келісім жасалады деген сөз емес.
Мұны Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Эсмаил Бакаи мәлімдеді. Болжамдарға қарағанда, екі жақ қабылдауы мүмкін өзара түсіністік туралы меморандумға ымыра мерзімін 60 күнге созу, Ормұз бұғазын қайта ашу және Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді әрі қарай жалғастыру кіреді.
Айта кетсек, бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да Делиге сапарында Тегераннан нақты жауап алу үшін біршама уақыт қажет болатынын ескертті. Ал президент Дональд Трамп өз көмекшілеріне Иранмен келісім жасауға асықпау туралы нұсқау бергенін хабарлап отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05