Ең үлкен зымыран сынақтан өтті
Илон Масктің SpaceX компаниясы Техаста өзінің тарихтағы ең үлкен және аса қуатты Starship V3 ракетасын сынақтан өткізді. Ол ғарышқа жеткеннен кейін орбитаға жерсеріктің 20 макеті мен Starship-тің өзін суретке түсіруге арналған екі арнайы жерсерікті шығарды. Содан кейін пилотсыз зымыран атмосфераға еніп, шамамен бір сағаттан кейін жоспарға сай Үнді мұхитына қонып, жарылды.
Жұма күнгі дебют SpaceX-тің акциялары биржаға шығар шақпен тұспа-тұс келді. Болжамдарға қарағанда, бұл листинг нәтижесінде Илон Маск әлемнің алғашқы триллионері атануы ғажап емес.
Айта кетсек, НАСА келешекте бұл ракетаны Ай мен Марсқа ұшуға қолдануды көздеп отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06