Басты Жаңалықтар НАТО СІМ кездесуінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

НАТО СІМ кездесуінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Швецияның порт қаласы Хельсинборгте қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтіліп жатыр. Бүгін мұнда НАТО елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді. Жиында 32 елдің бас дипломаттары келеді. Олар Солтүстікатлантикалық альянстың шілдеде Анкарада өтетін саммитіне әзірлік, Украинаға көмек және қорғанысқа инвестицияны арттыру мәселелерін талқылайды.

НАТО бас хатшысы мәлімдегендей, әскери одақ енді қаржының көп бөлігін әуе және зымыран шабуылдарынан қорғаныс жүйелерін күшейтуге, алыстан соққы беретін арсенал өндірісіне және дрондар мен оқ-дәрілер қорын ұлғайтуға жұмсауды көздеп отыр.

Тағы бір сөзінде Марк Рютте АҚШ-тың Польшаға 5 мың жауынгер жіберу бастамасына қолдау білдіргенімен, Еуропаның Құрама Штаттарға сүйене бермей, бұдан былай өзін күшейтуге көбірек мән беретінін мәлімдеді.

Марк Рютте, НАТО Бас хатшысы:

Әрине біз ондай бастамаларға қошемет білдіреміз. Бұған дау жоқ. Бірақ бір нақтылай кететін жайт бар: біз Еуропа мен НАТО-ны біртіндеп күшейту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Мақсатымыз – бір одақтасқа, яғни Құрама Штаттарға тәуелділікті азайту.


Бөлісу