Басты Жаңалықтар Лудоманиямен күрес күшейеді

Лудоманиямен күрес күшейеді

Елімізде заңсыз букмекерлік сайттар мен онлайн казино ойнайтындар саны ресми букмекерлік кеңсе клиенттерінен де көп болуы мүмкін. Сондықтан мұндай платформаларды анықтап, бұғаттау керек. 

Бұл туралы Талдықорғанда өткен халықаралық конференцияда айтылды. Жиында заңсыз онлайн казиноларды бұғаттау, психологиялық көмекті күшейту, жастар арасындағы тәуелділіктің алдын алу және құмар ойындарды реттеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ кездесуде лудомания тақырыбындағы ғылыми монография таныстырылды. Онда құмар ойындарға тәуелділіктің себеп-салдары жан-жақты зерттелген.
Марат Сматов, Талдықорған қаласының прокуроры:
Ғылым керек. Ғылымның артында бізде заң болады. Заңның шеңберінде жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасалып жатыр. Онымен күресу, оның салдарын жою. Және де кейбіреулер оған қалай барып қалғанын білмейді. Соның психологиялық жағдайда ауыр жағдайға тап болатын мәселелері бар.
Ақерке Абылайхан, ҒЖБМ Жоғары және ЖОО кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары:
Зерттеулердің қорытындысын қалай енгіземіз, оны практикамен қалай ұштастырамыз – ол өте маңызды. Себебі зерттеу қорытындысы бүгінгі таңда сөреде қалып қоймауы керек. Ең бастысы – оны пайдалануымыз керек.


Бөлісу