Жетісу облысының мәдениет майталмандарына құрмет көрсетілді
Жетісу облысы құрылғалы өңірде 30-дан астам мәдениет нысаны салынып, сала мамандарының саны 2400-ден асты. Бүгін Талдықорғанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Саланың дамуына үлес қосқан мамандар «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ облыстық байқауда «Үздік халық театры», «Үздік мәдениет үйі», «Үздік музей» атанған ұжымдарға қаржылай сыйақы табысталды. Ал «Халық» шығармашылық орталығына автокөлік берілді.
Өмірсерік Арапов, «Құрмет»
орденінің иегері:
Біріншіден ұстаз ретінде шәкірт тәрбиелеп, екіншіден аспапшы әртіс ретінде үшіншіден композитор ретінде еліме еңбек сіңіріп келе жатырмын. Сол еңбегім бүгін ақталып, «Құрмет» орденімен марапатталдым. Өте қуаныштымын.
Айнаш Елубаева, Ақсу аудандық
кітапханының директоры:
Ауданда негізі 25 кітапхана бар. Онда негізінен 45 адам жұмыс істейді. Кітап оқитын мемлекет атану үшін біз бар күш жігерімізді саламыз. Шығармашылық креативті жұмыстар атқаруға тырысамыз. Бүгін біз «Үздік кітапхана 2025» номианциясын алып отырмыз. Ол үшін өте қуаныштымыз.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03