Аббас Аракчи: Келіссөзге де, соғысқа да дайынбыз
Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи ел келіссөзге де, соғысқа да дайын екенін мәлімдеді. Дипломат сыртқы істер министрлігінің әрекеттері әскери басшылықпен тығыз үйлестіріліп жүзеге асырылатынын айтты.
Аббас Аракчи, Иранның сыртқы істер министрі:
Сыртқы істер министрлігі миссияны басқалардан дербес атқармайды. Қажет болса, соғысамыз, келіссөз керек болса, жүргіземіз. Күніне бірнеше мәрте қарулы күштердің басшыларымен кездесіп, түрлі жиын өткіземіз. Мақсат ортақ.
Ал сәрсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Ираннан дұрыс жауаптың келуін бірнеше күн күтуге ниетті екенін мәлімдеді. Ақ үй басшысы Вашингтон мен Тегеран келісімге келу немесе қақтығысты қайта бастау алдында тұрғанын айтты. Алайда дипломатиялық күш-жігерге басымдық беру үшін шабуылды кейінге қалдырғанын жеткізді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06