Аргентинада бюджетті қысқартуға қарсы шеру өтті
Аргентинада денсаулық сақтау саласының ондаған мың қызметкері президент Хавьер Милейдің үнемдеу шараларына қарсы шеруге шықты. Наразы топтың талабы - саланы қаржыландыру көлемін ұлғайту. Шығындар 2023 жылы Милей билікке келгеннен кейін қысқартылған. Қатаң үнемдеу шараларына қарсы наразылық елде өрши түсті. Өткен аптада ондаған мың адам көшеге шығып, президенттен университеттердің бюджетін кеңейту туралы заңды қабылдауды талап етті. Ал Милей үкіметі мемлекеттік шығындарды қатаң бақылау арқылы инфляцияны азайтуды және экономикаға инвестиция тартуды көздеп отыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05