АҚШ Үкіметі Рауль Кастроға айып тақты
АҚШ үкіметі Кубаның экс-президенті Рауль Кастроға америкалықтарды өлтіру үшін астыртын келісім жасады деген ресми айып тақты. Бұл оқиға 1996 жылы америкалық азаматтар мінген екі ұшаққа жасалған шабуылға қатысты өрбіп отыр. Кубалық жойғыш ұшақтар гуманитарлық ұйымға тиесілі лайнерді шабуылдап, 4 адам қаза тапқан еді. Ал сол уақытта Рауль Кастро қарулы күштер министрі болған. Кінәсі дәлелденсе, аралдық мемлекеттің бұрынғы президенті өмір-бақи бас бостандығынан айырылады. Дональд Трамп бұл оқиғаға қатысты шиеленісті өршіту қажет емес деп мәлімдеді. Ал Куба президенті Мигель Диас-Канель Кастроға қарсы айыптарды жоққа шығарып, мұның саяси астары бар деп мәлімдеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06