Басты Жаңалықтар Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті

Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті

Конго мен Угандада эбола вирусы бір-екі ай бұрын өрши бастаған болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Қазір бұған қатысты тексеріс жүріп жатыр.

Соңғы мәліметке қарағанда, Конго Демократиялық Республикасында эболадан қайтыс болғандар саны 139-ға жеткен. 600-ге жуық тұрғын қауіпті індетті жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылды. Ал Конгоға көршілес Угандада бір адамның көз жұмғаны мәлім. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусқа шалдыққандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Эболаның қазір тарап жатқан штамына қарсы вакцина әлі дайын емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл эпидемияны өзге екпелердің көмегімен тоқтату мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Алайда мұндай зерттеуге 3-9 ай қажет.


Бөлісу