Бейжіңде Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин арасында саммит басталды
Осыдан бірер сағат бұрын Бейжіңде Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин арасында саммит басталды. Болжамдарға қарағанда, тараптар екіжақты қатынастарымен бірге бірқатар халықаралық мәселелерді де талқылайды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, содан кейін президенттер шай басында «ескі достар» ретінде әңгімелеседі.
Ресей басшысының сөзінше, Мәскеу мен Бейжіңнің қатынастары бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Тағы бір сөзінде Путин Си Цзиньпинге келесі жылы Ресейге сапар шегуді ұсынды. Ал Қытай жетекшісінің ойынша, екі ел әлемді басқарудың әділ жүйесін құруға ықпал етіп, бір-бірінің дамуы мен өркендеуіне жәрдемдесуі керек.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06