Конгода Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 136-ға жетті
Африкада Эбола вирусы әлдеқайда тез тарап жатуы мүмкін. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ескертті. Соңғы мәліметке қарағанда, Конго Демократиялық Республикасында қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 136-ға жетіп, 514 тұрғын осы ауруды жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылған. Ал көршілес Угандада бір адамның көз жұмғаны мәлім.
Эболаға шалдыққан адамның алғашқы кезде тұмау тәрізді денесі қалшылдап, басы ауырып, қалжырайды. Содан кейін лоқсып,науқастың органдары жұмыс істемей, кейбір пациенттер көп қан жоғалтады.
Айта кетсек, Эболаның қазір тарап жатқан штаммына қарсы вакцина әлі дайын емес. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл эпидемияны өзге екпелердің көмегімен тоқтату мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06