Қазақстан мен Татарстанның мәдени байланысы беки түспек
Қазақстан мен Татарстанның мәдени байланысы беки түспек. Қазан қаласында орналасқан ұлттық музейде қазақ-татар халқына ортақ құнды жәдігерлердің саны артты. Жалпы бір миллионға жуық бағалы зат бар. Сонымен қатар «Хазинэ» ұлттық өнер галереясында қазақтың ақын-жазушылары, өнер иелеріне арналған бұрыш ашылған. Онда татар суретшілері «Абай жұмыс үстінде», «Жангелдиннің ұлы өткелдері» картиналарын ұсынып, жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың, биші Шара Жиенқұлованың портреттерін жазды. Кино, театр саласында да әріптестік көкжиегі артты.
Эльмира Калимуллина, Татарстан Республикасының Халық
әртісі:
Қазақстанмен мәдени байланысымыз жоғары деңгейде. Бірқатар ортақ жоба жүзеге асты. Ортақ дәстүр, тіл ұқсастығы тағы бар. Сондықтан Қазақстанмен әрі қарай да әріптестікті бекітіп, қазақ мәдениетін терең зерттегіміз келеді. Мақсатымыз осы. Себебі қазақтар біз үшін туысқан халық.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05