Жетісу облысында шегіртке ошақтары анықталды
Жетісу облысында егіндік алқаптарды шегірткеден қорғау үшін авиация, дрондар және арнайы техникалар жұмылдырылды. 133 мың гектардан астам жерге химиялық өңдеу жүргізілмек. Қазірдің өзінде 8 мың гектардан астам аумақта шегіртке ошағы анықталды. Зиянкестер әсіресе Кербұлақ, Алакөл, Панфилов аудандары мен Талдықорған маңында көп. Мамандардың айтуынша, шегіртке қанаттанып үлгермей тұрып өңдеу жұмыстары басталса, тиімдірек болмақ. Сондықтан өңірде күнделікті мониторинг жүргізіліп, шалғай аумақтар дрондар арқылы бақыланады. Қазір шегірткелерді улауға 20-ға жуық арнайы техника мен 200-ден астам маман тартылған.
Жарас Оңдасынов, Жетісу облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
Италиялық прус пен саяқ шегірткеге қарсы жұмыстар қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр. Ал азиялық шегірткеге қарсы күрес 15 күннен кейін толыққанды басталады. Республикалық бюджеттен 310 млн теңге, жергілікті бюджеттен 171 млн теңге бөлінді.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup 2026 кестесі
02.07.2026, 20:30
Халықтық Конституция - тұрақты дамудың кепілі
02.07.2026, 20:16
Ізгілік акциясы: Кімдерге рақымшылық жасалады?
02.07.2026, 20:15
Борышкерлерге барлық қарыз үшін бір төлем кестесі жасалады
02.07.2026, 20:07
Әлем жаңалықтарына шолу
02.07.2026, 20:05
Президент бірқатар кездесу өткізді
02.07.2026, 20:05
Инвесторлар серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі
02.07.2026, 20:05
Global Businesswomen Council ұйымының IV отырысы өтті
02.07.2026, 20:03